Қайырымдылық- қадірлі іс.

 

Қайырымдылық- қадірлі іс.
"12 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде " Жүректен жүрекке" ұранымен дәстүрлі "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымдылық кеші өтті. 11 жылдан бері үзілмей өткізіліп келе жатқан республикалық акция мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті жандар арқасында мектебіміздің есебінде тұрған көптеген отбасы балаларына көмек көрсетілді. Осы шараға атсалысқан жаны жомарт, жүрегі нұрға толы демеушілерімізге, атап өтетін болсақ, "Центркредит банк"АҚ директоры К.К. Карагубенов мырзаға, " Еуразия банк" АҚ филиал басшысы Б.М. Умирбеков мырзаға, "НКОК" компаниясы басшылығына, НМСК "Казмортрансфлот" маманы Б.А.Жайгалиев мырзаға, жеке кәсіпкер А.Ахмедханова ханымға алғысымыз шексіз.

Сондай-ақ, мектеп ұжымы мен 1 "Б",2 "Е", 2 "Ж", 3 "Г" , 4 "Е", 8" Д" сынып ата-аналарының көмегімен 10 оқушыға 10000 теңгелік сертификат жасалып, таратылды. Сол сертификатпен " Марфуға" кеңсе тауарлар дүкенінен оқу құралдарын алды. Жоғарыда аталған демеушілерімізге мектеп атынан алғыс хат табысталады.
" Мектепке жол" акциясы қыркүйек айының аяғына дейін өз жалғасын табады.





Ата-анадан кейін басты тәрбие беруші – мектеп, араласатын орта, қарым-қатынасқа түсетін қоғам.

iconМектеп өмірінде ер балаларға бөлек, қыз балаларға бөлек арнайы жиналыстар өтетіні белгілі. Алайда, қыздар жиналысының маңызы жоғарырақ. 

Қалалық пәндік олимпиада

icon06-07.12.18ж аралығында 8-11 сынып  білім алушылары арасында ұйымдастырылып отырған қалалық пәндік олимпиадаға мектебімізден 16 білім алушы жолдама алды.  

«Жайдарман - 2018» байқауы

icon«№12 ЖББОМ» КММ –де 17 қараша күні 5 сынып білім алушылары арасында достық, ынтымақтастықты нығайту мақсатында  «Жайдарман - 2018» байқауы өткізілді. Жайдарманның тұрақты жүргізушісі  мектеп президенті  Аманқосов Бекжан.  

"Атырау облысының Ашық турниры"

iconАтырау облысында Карате - до Киокушинкай дан " Атырау облысының Ашық турниры"  болып, мектебіміздің оқушылары жүлдемен оралды. 

"Абайды оқы, таңырқа" атты көркем сөз шеберлері байқауы

icon16 қараша күні Ақтау қаласында Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің туған күніне орай  Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған "Абайды оқы, таңырқа" атты көркем сөз шеберлері байқауында 12 жалпы білім беру орта мектебінің 7 сынып оқушысы Байнияз Аяулым "Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар" номинациясы бойынша III орын иеленіп, дипломмен марапатталды.  

Білімді ұрпақ- ел болашағы!

iconМектебімізде 2017-2018 оқу жылын үздікпен бітірген білімалушыларды марапаттау сәті болып өтті. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 130-дай білімалушы МАҚТАУ ГРАМОТАСЫмен марапатталды.  

«Бекет» атты командалық сайыс

iconҚарашаның  10 күні «№12 ЖББОМ» КММ – де  білімалушылар арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау, достық, ынтымақтастықты нығайту мақсатында  «Бекет»  атты  командалық  сайыс өткізілді. 

Театр - мәдениеттің жаршысы

iconТеатр - мәдениеттің жаршысы. Театр көрінгеннің ермегі емес,еңбек. Еңбектің көркемі. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Мектебіміздің білімалушылары сабақтан босай қалса, театрға қарай беттейді. Әдеттегідей күздік каникул басталған бойда, білімалушыларымыз жетекшілерімен бірге тетрға ағылуда. Білімалушыларымыздың театрға деген қызығушылығы өте жақсы. Аталған игі шара жалғасын таба бермек.

«Рухани-адамгершілік»

iconБүгін мектебізде өзін-өзі тану мұғалімі Исамбаева Н.А. ашық сабақ өткізді.

«Адам деген ардақты ат»

iconӨзін-өзі тану сабағын-Н.А.Исамбаева өткізді.Барлық сабақтарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктігін арттыру институты «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша тренері Р.Ж.Нұрова, мектеп ди⁠ректоры-Ж.М.Анисова және мектеп әкімшіліктері қатысы.Р.Ж.Нұрова сабақтардың жоғарғы дейгейде өткенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» болады деп бекер айтылмаған

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» болады деп бекер айтылмаған. Білімалушылар  осыдан 4 жыл бұр ...

27 мамыр 2019
Женіс күні-тарих төрінен орын алатын ұлы мереке

Женіс күні-тарих төрінен орын алатын ұлы мереке.Сұрапыл соғыстың қиямет қайым ауыртпалығы оқ пен о ...

13 мамыр 2019
Азан шақырып ат қою рәсімі бүгін біздің мектебімізде де көрініс тапты.

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі зам ...

20 наурыз 2019
"Армысың, Наурыз" атты 9 "А,Б" сыныптар арасындағы сайыс

"12 жалпы білім беру орта мектебі" КММ-сінде "Армысың, Наурыз" атты 9 "А,Б" сыныптар арасында сайыс өткі ...

18 наурыз 2019

Мемлекеттік рәміздер